Қарызын бір түнде өтеп берген: несиеге домбыра алған жасөспірімнің анасына белгісіз адам көмектесті (ВИДЕО)
Жасөспірімің анасы домбыраны 1 млн теңгеге несиеге алған
Ксения есімді қыз баланың қазақтың домбырасына деген қызығушылығы ерекше. Анасы қызының бетінен қақпай, несиеге 1 млн теңгенің домбырасын сатып алып берген. Желіде тараған видеодан кейін анасының несиесін белгісіз адам төлеп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1 млн теңге несиенің өтелгенін блогер Эмин Хаджиев мәлім етті. Оның айтуынша, тиісті ақшаны белгісіз адам өткен түнде аударып жіберген. Ал оның кім екенін блогер ашып айтқан жоқ.
«Несиені кеше түнде жаптық. Оны кім жасағанын айта алмаймын, аты-жөнін құпия қалдыруды өтінді. Тағы бір айта кететін жайт, Ксюша концерттерде өнер көрсету үшін ұлттық стильде көйлек кигісі келеді. Қазір оған арнап көйлек тігіп жатырмыз», – дейді блогер
Айта кетейік, осыған дейін Ксения есімді 14 жастағы қыз баланың домбыра шертіп отырған видеосы бірнеше сағат ішінде 100 мыңнан астам қаралым жинағаны хабарланған.