Рахмонов – Махачев жекпе-жегіне қатысты ресми ақпарат шықты

Автор: Алмас Ерсін

Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші орында тұр

Фото: darteam.kazakhstan

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың командасы – DAR Team ұйымы жаңа чемпион Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізуге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бәрі осы оқиғаға келе жатқан сияқты ғой.  Шавкат Рахмонов vs Ислам Махачев», - деп жазылған команданың Instagram-тағы ресми парақшасында.

Ресейлік Ислам Махачев (28-1) 16 қарашада австралиялық Джек Делла Маддаленаны төрешілердің шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуді иеленді. Осылайша ресейлік спортшы тарихқа енді.

Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші орында тұр. Биыл қазақстандық жарақатына байланысты октагонға шыққан жоқ. Оның соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың 7 желтоқсанында өтіп, онда ол ирландиялық Иэн Гэрриді (16-1) ұпай санымен жеңді.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов қазан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан  ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алған болатын.