$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елена Рыбакина WTA рейтингінде алтыншы орынға көтерілді

Ол топ-10 ішіндегі орнын нығайтты

Елена Рыбакина WTA рейтингінде алтыншы орынға көтерілді
Фото: ktf.kz

Әлемдік әйелдер теннисі рейтингінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бір саты жоғарылап, 6-орынға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Жарақатқа қарамастан рейтингі өсті

Өткен аптада Рыбакина Токиода өткен WTA 500 жарысының жартылай финалына дейін жеткен еді. Алайда жарақатына байланысты матчтан бас тартуға мәжбүр болды. Соған қарамастан, оның көрсеткіші топ-10 ішіндегі орнын нығайтуға, WTA маусымдық финалдық турниріне жолдаманы алдын ала қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда рейтинг көшін Беларусь спортшысы Арина Соболенко бастап тұр. Одан кейін Ига Швентек (Польша), ал үздік үштікті америкалық Кори Гауфф түйіндейді.

Қазақстандықтардың нәтижесі

WTA рейтингіне енген өзге қазақстандық теннисшілердің жағдайы әртүрлі:

  • Юлия Путинцева – 7 орынға төмендеп, 76-орында

Жұптық рейтинг:

  • Анна Данилина – 13-орында
  • Юлия Путинцева – 104-орында
  • Жібек Құламбаева – 134-орында

Жұптық сындағы WTA көшбасшылары қатарында чехиялық Катержина Синякова, америкалық Тейлор Таунсенд және бірдей ұпаймен үшінші орынды иеленген италиялық Жасмин Паолинимен Сара Эррани бар.

Серіктес жаңалықтары