27.10.2025, 07:57
Спорт
Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер Азиадасында алтын алды
Қазақстан қыздар құрамасы қола жүлде жеңіп алды
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы жағажай волейболынан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Финалда отандастарымыз Таиланд командасынан басым түсті.
«Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш шешуші кездесуде 2:0 (21:15, 23:21) есебімен жеңіске жетті», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстан қыздар құрамасы қола жүлде иеленген болатын. Үшінші орын үшін өткен матчта Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет Малайзия құрамасына қарсы ойнады. Қазақстандықтар қарсыластарын 2:1 (19:21, 22:20, 15:12) есебімен жеңді.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
18.09.2026, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 06:31
Астанада ер адам әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салған: қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылды (ВИДЕО)