26.10.2025, 17:31
Спорт
«Қайрат» «Астанамен» тең түсіп, Қазақстан чемпионы атанды
Команда өз тарихында бесінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды
Фото: instagram.com / f.c.kairat
Алматының «Қайрат» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымында чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
26 қазанда Орталық стадионда өткен соңғы тур матчында «Қайрат» өз алаңында «Астанамен» кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Бұл нәтиже алматылық командаға чемпиондық атағын сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Алғашқы голды 15-минутта «Астана» ойыншысы Марин Томасов соқты. Екінші таймда алаң иелерінен Дастан Сатпаев жауап голын соғып, есепті теңестірді. Ойын қорытындысы өзгермеді.
Осылайша, «Қайрат» қатарынан екінші рет және тарихында бесінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
01.11.2026, 16:06
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізу үшін жеті шарт қойды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды