Шавкат Рахмоновтың UFC-ден кеткені рас па

Автор: Мөлдір Қазыбай

Спортшы өзіне қатысты сыбысқа жауап берді

Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортының шебері Шавкат Рахмонов әлеуметтік желідегі парақшасында UFC ұйымынан кеткені туралы тараған қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жазба спортшының Х әлеуметтік желісіндегі аккаунтында жарияланды.

«Күн сайын бар күшімді жаттығуға жұмсаймын. Жақында октагонға қайта ораламын, сол сәтті асыға күтіп жүрмін», — деп жазды Шавқат Рахмонов.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Рахмоновтың UFC-ден кеткені туралы ақпарат тараған еді. Алайда спортшының бапкері мен команда басшылығы бұл мәліметті жалған деп мәлімдеді.