06.10.2025, 16:36
Спорт
Футболдан Өзбекстан құрамасын әлем чемпионатына Фабио Каннаваро бастап баратын болды
Ол команданың бас бапкері болып тағайындалды
Фото: Instagram/uzbekistanfa
Футболдан Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметіне италиялық маман Фабио Каннаваро тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
52 жастағы Каннаваро әлем чемпионатына тұңғыш рет жолдама алған Өзбекстан құрамасын жаттықтыратын болды. БАҚ мәліметінше, италиялық жаттықтырушының жылдық жалақысы шамамен 4 миллион еуроны құрайды.
Бұған дейін Фабио Каннаваро Қытайдың «Эвергранд», Сауд Арабиясының «Әл-Наср», Қытай құрамасы, Италияның «Беневенто» және «Удинезе», сондай-ақ Хорватияның «Динамо Загреб» клубтарын жаттықтырған.
Ол футболшы кезеңінде 2006 жылы Италия құрамасының сапында әлем чемпионы атанып, сол жылдың қорытындысы бойынша «Алтын доп» иегері болған.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)