06.10.2025, 06:36
Спорт
Қазақстандықтар әртістік жүзуден Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды
Отандастарымыз алтын, күміс, қола медальдар жеңіп алды
Фото: Olympic.kz
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары жалғасып жатыр.
ҰОК мәліметінше, 5 қазан күні Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.
Командалық сайыста (техникалық бағдарлама) отандастарымыз бірінші орынға ие болды.
Аралас жұптар арасында (техникалық бағдарлама) Эдуард Ким мен Карина Магрупова күмістен алқа тақты.
Ал жұптар арасында өткен сайыста (техникалық бағдарлама) Арина Пушкина мен Ясмин Тұяқова қола медальға қол жеткізді.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды