07.10.2025, 12:43
Спорт
Жұмабаев ауданының волейбол лигасында алты команда жеңіс үшін таласып жатыр
Финал 11 қазан күні Булаево қаласында өтеді
Фото: аудан әкімдігі
4 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының М.Жұмабаев ауданына қарасты Қарақогин ауылдық округінде волейбол лигасы аясындағы ойын өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy аудан әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Турнир 30 тамызда басталып, әр сенбі сайын өтеді. Жарысқа келесі елді мекендерден 6 команда қатысып жатыр. Олар:
- Ноғайбай би ауылдық округі;
- Алтын Дән ауылдық округі;
- Лебяжье ауылдық округі;
- Қарақоға ауылдық округі;
- Возвышен ауылдық округі;
- Булаево қаласының командасы.
Лиганың қорытынды ойыны 11 қазан күні Булаево қаласында өтеді.
Аудандық волейбол лигасы – бұқаралық спортты дамытуға, командалық рухты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды спорттық оқиға.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)