$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 06:46
Спорт

Темірлан Анарбековке қатысты жақсы жаңалық жарияланды

Алматыдағы қарымта ойында Анарбеков бес ғажайып сейв жасап, одан кейін пенальти сериясында «Селтик» ойыншыларының үш соққысын қайтарды

Темірлан Анарбековке қатысты жақсы жаңалық жарияланды
Фото: "Қайрат" футбол клубы

«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан айығып, қатарға қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Темірлан Анарбеков жалпы топпен бірге жаттығуға қайта кірісті», - деп жазылған «Қайраттың» инстаграмдағы парақшасында.

21 жастағы «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикпен» қарымта матчтың басты қаһарманы атанып, алматылық клубтың тарихи жетістікке жетуіне көмектескен болатын. Алайда артынша «Ақтөбеге» қарсы ойында ауыр жарақат алды. Қақпашының жақ сүйегі сынып кеткен. Осы жағдайдан кейін «Қайраттың» қақпасын 18 жастағы Шерхан Қалмырза қорғады. Шерхан да ерекше көзге түсіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

Темірлан Анарбеков туралы не білеміз

Анарбеков Атырау облысындағы Водников ауылында дүниеге келген. Жастар деңгейінде ол 2017 жылға дейін «Атырау» сапында ойнады, содан кейін «Қайрат» академиясының ойыншысы болды. Темірлан 2020 жылы негізгі құрамдағы дебютін жасады, бірақ бір ғана матч өткізіп, «Қайрат-Жастарға» барды – ол жастар құрамасында үш жыл ойнады. Қақпашы өткен жылды «Жеңіс» клубында өткізді.

Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымында Темірлан Анарбеков «Қайрат» сапында алты ойын өткізді.

Қақпашының Чемпиондар лигасындағы «жұлдызды сәтіне» келетін болсақ, ол Александр Заруцкий жарақат алған «Селтикпен» (0:0) сырт алаңда өткен ойынның 75-минутында қосалқы құраммен алаңға шықты.

Алматыдағы қарымта ойында Анарбеков бес ғажайып сейв жасап, одан кейін пенальти сериясында «Селтик» ойыншыларының үш соққысын қайтарды. «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне тарихта алғаш рет қатысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары