$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.10.2025, 21:03
Спорт

Футболдан Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді ойсырата жеңді

Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасы алты ұпайға ие болды

Футболдан Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді ойсырата жеңді
Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Матч Астанада өтті. Алғашқы голды 26-минутта Ғалымжан Кенжебек соқты. Екі минуттан кейін Бахтиёр Зайнутдинов есепті еселеді. Ғалымжан Кенжебек 59-минутта дубль жасады. Төртінші голды 81-минутта Әлібек Қасым соқты.

Бұл жеңістен кейін Қазақстан құрамасы алты ұпайға ие болды. Наурызда сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңген болатын. Лихтенштейн құрамасына келетін болсақ, олар әлі ұпай алған жоқ.

Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін Талғат Байсуфинов уақытша атқарып жатыр. Байсуфинов ұлттық құраманы бұған дейін екі рет – 2016–2017 және 2020–2022 жылдары басқарған. Қазір ол жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы қызметін атқарып жүр.

Серіктес жаңалықтары