Ол қарсыласын сенімді түрде жеңді
Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореядағы Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы халықаралық турнирде чемпион атанды. Ол финалда ешбір сет жоғалтпай, қарсыласын сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, әлемдік ITF Juniors рейтингінде 25-орында тұрған Зангар Нұрланұлы турнирдің бірінші ракеткасы ретінде сынға түсті.
Финалда ол оңтүстіккореялық Мин Хук Чо теннисшісін 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңісін атап өтті.
Турнир бойы Нұрланұлы бірде-бір сетте жеңілмей, өз шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті.
«Бұл жеңіс мен үшін ерекше, себебі маусым соңында осындай деңгейдегі турнирде тұрақтылық таныту маңызды. Алдымызда үлкен сынақтар бар», – деді спортшы жарыстан кейін.
Чхунчхондағы бұл жеңіс Заңғардың мансабындағы алтыншы ITF Juniors титулы болды. Бұған дейін ол келесі турнирлерде жеңіске жеткен:
Осылайша, Заңғар Нұрланұлы Қазақстанның жас спортшылары арасындағы ең тұрақты теннисшілердің біріне айналды.
Келесі аптада Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында өтетін ITF Juniors J300 турниріне қатысады.
Бұл жарыс Азияның бейресми чемпионаты саналады және құрлықтың ең үздік жас теннисшілерін жинайды.
Федерация өкілдерінің айтуынша, Вонджудағы турнир Заңғардың маусымдық рейтингін жақсартуға және жаңа халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.