02.10.2025, 11:50
Спорт
«Қарабах» УЕФА рейтингінде Әзербайжанның позициясын жақсартты
Олар клуб рейтингінде 25-орынға жайғасқан
Фото: https://1news.az/
«Қарабақ» клубының «Копенгагенге» (2:0) қарсы жеңісі Әзербайжанға қосымша ұпай әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл матч УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің II турында өтті. Гурбан Гурбанов баптайтын команда ел қоржынына қосымша 0,500 ұпай салды.
Нәтижесінде Әзербайжанның жалпы коэффициенті 22,000 болып, ел қазіргі таңда 25-орынды иеленіп тұр. Ал 24-орында – Сербия (22,375), 26-орында – Словакия (21,375).
Өз алаңында «Реал Мадридпен» кездескен «Қайрат» командасы 0-5 есебімен ұтылды. Қазақстан бұл рейтингте 34-орында тұр.
Айта кетейік, УЕФА елдер рейтингінің көшбасшысы – Англия. Қазіргі көрсеткіші – 97,116 ұпай.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы