Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының уақытша бас бапкері тағайындалды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл қызметті уақытша Талғат Байсуфинов атқаратын болды

Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін Талғат Байсуфинов уақытша атқаратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлімдеп отыр.

«Ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнмен (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) өтетін матчтарға Қазақстан құрамасын дайындайды», - деп хабарланған федерацияның ресми сайтында.

Байсуфинов ұлттық құраманы бұған дейін екі рет – 2016–2017 және 2020–2022 жылдары басқарған. Қазір ол жастар құрамасы (U21) бапкерлерінің менторы қызметін атқарып жүр.