Қазақстандық гимнаст әлемдік турнирде алтын медаль жеңіп алды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Отандасымыз еркін жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин Сомбатхейде (Венгрия) өткен Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан құрамасының өкілі еркін жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Финалда Патанин 13.900 ұпай жинады.

Екінші орынды Болгария спортшысы Кевин Пенев (13.600) иеленсе, үшінші орынға Артем Долгопят (Израиль) (13.200) тұрақтады.