23 қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңертең 13 команда жорықты жалғап, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылынан шығып, Амангелді ауданы Амангелді ауылына келді , деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ұлы дала жорығының» ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.
Төртінші кезең 350 шақырымның қорытындысы бойынша Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Қырғызстанның бірінші командасы екінші, Маңғыстау облысының Көкмойнақ командасы үздік үштікті түйіндеді.
Төртінші кезең 350 шақырым нәтижесі
- Жетісу облысы 17:57:12
- Қырғызстан-1 18:14:26
- Маңғыстау облысы-Көкмойнақ 18:39:55
- Ақтөбе облысы 18:47:00
- Қостанай облысы-1 18:57:12
- Ұлытау облысы 19:09:39
- ШҚО 20:11:29
- Алматы облысы 20:44:34
- Қостанай облысы-2 20:58:45
- Маңғыстау облысы-Суын 20:59:53
- Астана қаласы 21:06:13
- Алматы қаласы Жарыстан шығып қалды
- Қабардин-Балқар (РФ) Жарыстан шығып қалды
- Қырғызстан-2 Жарыстан шығып қалды
- Абай облысы Жарыстан шығып қалды
- Бірлік командасы Жарыстан шығып қалды
- Атырау облысы Жарыстан шығып қалды
- БҚО Жарыстан шығып қалды
Бүгінгі күн яғни 100 шақырымда Ақтөбе облысының командасы үздік атанды. Күннің жеңімпазы атанып арнайы кубокқа ие болды.
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25 қыркүйек күні Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында мәреге жетеді.
- Қолдау көрсетушілер: «Amanat» партиясы және Қостанай облысының әкімдігі
- Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы
- Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары.
Ұйымдастырушылар халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, шабандоздар мен атбегілерге бар мүмкіндікті жасап жатқан Қостанай облысының әкімдігіне және облыс тұрғындарына алғыс айтты.
Жоба Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.
«Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.
Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb - JORYQ, Instagram - joryqofficial, Tik-Tok - JORYQ, youtube - JORYQ.