Қазақстандық балуандар бұған дейін 1999 жылы чемпион атанған еді
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazsporttv-ге сілтеме жасап.
«Отандасымыз Загребтегі Әлем чемпионатының финалында өзбек балуаны Алишер Ганиевті айқын басымдықпен жеңіп, 1999 жылдан бері алғаш рет Қазақстан қоржынына салды», - деп жазылған хабарламада.
Соңғы рет қазақстандық балуандар 1999 жылы чемпион атанған еді. Ол кезде Мхитар Манукян (63 келі) жеңіске жетсе, 1998 жылы Бақтияр Байсейітов әлем чемпионы болған.
Өкінішке қарай тағы бір отандасымыз Мерей Мәулетқанов қола медаль үшін белдесуде ирандық балуан Сейед Сохрабиге есе жіберді.