Ол бұған дейін де бірнеше марафонға қатысқан
Қорғаныс министрлігі Қарулы күштерінің сержаны, 42 жастағы Рауан Әбілханов Республика күніне орай Астанадан Көкшетауға, Көкшетаудан Астанаға қарай 600 шақырым жерді жүгіріп өтпек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, Рауан Әбілханов Астанадағы аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімше командирі. Ол бұған дейін, яғни, 2022 жылы ол Алматы облысындағы «Әли» оқу-жаттығу орталығынан Шелек ауылы бағыты бойынша 48 сағат ішінде 350 шақырымды жүргіріп өтіп, Қазақстанның рекордтар кітабына енген екен.
«42 жастағы спортшы 15 жылдан астам жеңіл атлетикамен айналысады. Алматыда және әскери қызметшілер арасында марафондардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Алдағы марафоннан өзге ол 10 күнде 1000 шақырымды жүгіріп өтуге ниет білдіріп отыр», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.