Нариман Құрбанов Парижде өткен әлемдік доданың чемпионы атанды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында 15,066 ұпай жинап, жеңіске жетті

Фото: Olympic.kz

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Парижде (Франция) өткен «Challenge Cup» кезеңінде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында 15,066 ұпай жинап, жеңіске жетті.

Екінші орынды армениялық Гамлет Манукян иеленді – 14,800. Үшінші орынға италиялық Габриэле Таргетта тұрақтады - 14,733.

Зейнолла Ыдырысов төртінші орынға табан тіреді – 14,633.