14.09.2025, 22:57
Спорт
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова әлемнің екі дүркін чемпионы атанды
Ол финалда қарсыласын 5:0 есебімен жеңді
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова қарсылас шақ келтірген жоқ.
Отандасымыз ақтық сында түркиялық Бусе Наз Чакыроглумен кездесті.
Тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша Алуа Балқыбекова екі дүркін әлем чемпионы атанды. Қорытынды есеп: 5:0.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) және Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды