Министрліктің негізгі мақсаты – 2029 жылға қарай спортпен шұғылданушылар үлесін 50%-ға жеткізу
Биыл Қазақстанда бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны 300 мыңға өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше өткен жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 8,5 миллионға жуық адам айналысады. Бұл – жалпы халықтың 41,4%-ы. Оның ішінде:
3 миллионға жуық адам ауылдық жерлерде спортпен тұрақты шұғылданады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 300 мыңнан астам адамға артқан. Министрліктің негізгі мақсаты – 2029 жылға қарай спортпен шұғылданушылар үлесін 50%-ға жеткізу.
«Балалар спорты – басты басымдықтардың бірі. Биыл мемлекеттік спорт тапсырысын орындау үшін жергілікті бюджеттен 50 млрд теңге бөлініп, 7 мыңнан астам спорт секциясы ашылды. Соның нәтижесінде 240 мыңнан астам бала тегін спорттық үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болды», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар республика бойынша 912 жасөспірімдер клубы жұмыс істеп, 298 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді спортпен қамтып отыр.