Қазақстан құрамасының капитаны әлем чемпионатын сәтті бастады
Қазақстандық алты боксшы ширек финалға шықты

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше жерлесіміз 90 келіден жоғары салмақтың 1/8 финалында түркиялық Мусахит Илиаспен өзара мықтыны анықтады.
«Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды», - деп жазылған хабарламада.
Дүйсенбі, 8 қыркүйекте алты қазақстандық спортшы ширек финалға шықты. Жарыстың бесінші күнінде қазақстандық боксшылар жеті жекпе-жек өткізіп, оның алтауында жеңіске жетті.
Төрехан Сабырхан, Сағындық Тоғамбай, Аида Әбікеева, Бейбарыс Жексен, Гүлсая Ержан және Айбек Оралбай жеңіске жетіп, Сабыржан Аққалықов алғашқы жекпе-жегінде ұтылып қалды.