$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жеңіссіз кеткен бапкер: Фернанду Сантуш Әзербайжан құрамасымен қоштасты

Ол 4,5 млн еуро өтемақы сұрады

Жеңіссіз кеткен бапкер: Фернанду Сантуш Әзербайжан құрамасымен қоштасты
Фото: АРА

Әзербайжан футбол федерациясы (АФФА) ұлттық құраманың бас бапкері Фернанду Сантушпен өзара келісім бойынша келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Джахангир Фараджуллаев арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Украинаға қарсы өтетін кездесуде ұлттық құрамаға жастар құрамасының (U-21) бас бапкері Айхан Аббасов жетекшілік ететін болды.

Фернанду Сантуш келісімшарт үзілген соң АФФА-дан өтемақы талап етті.

Тәжірибелі маман федерация өкілдерінен 4,5 млн еуро көлемінде өтемақы беруді сұраған. Оның айтуынша, бұл сома келісімшарттағы талаптарға сәйкес келеді және ол ешқандай жеңілдікке бармайтынын ресми түрде мәлімдеген.

Сантуш бұған дейін Португалия құрамасын жаттықтырған болатын.

Серіктес жаңалықтары