Бельгия Қазақстанды 6:0 есебімен жеңді – бас бапкер қызметінен кетті

Автор: Алмас Ерсін

Бельгия сапынан Кевин де Брюйне, Жереми Доку дубль жасады. Тағы екі голды Раскин және Менье кіргізді

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде қақпасына алты гол жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қатарынан 6 гол өткізді

Бұл жолы Әли Әлиев шәкірттері Бельгияға қонаққа барған. Бірінші таймда 41 минут шыдаған жерлестеріміз одан кейін қатарынан алты гол өткізді. Бельгия сапынан Кевин де Брюйне, Жереми Доку дубль жасады. Тағы екі голды Раскин және Менье кіргізді. Қорытынды есеп – 6:0.

Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін 5 ойыннан кейін Солтүстік Македония 11 ұпаймен көш бастаса, төрт кездесу өткізген Уэльс және Бельгия 10 ұпай екінші орынды өзра бөлісіп тұр. Қазақстанда үш ұпай бар. Ал Лихтенштейннің қоржыны бос.

Бельгия – Қазақстан – 6:0

Бельгия: Тибо Куртуа (Қ), Максим де Кейпер (Ханс Ванакен 71), Артюр Теате, Зено Дебаст, Тимоти Кастань, Юри Тилеманс (К), Николас Раскин (Тома Менье, 71), Кевин де Брeйне (Шарль Ванхаутте, 86) – Жереми Докю (Алексис Салемакерс, 63), Леандро Троссар (Малик Фофана, 63), Шарль де Кетеларе;

Қазақстан: Мұхамеджан Сейсен (Қ), Ян Вороговский, Ұлар Жаксыбаев, Әлібек Қасым, Нұралы Әліп (К), Сұлтанбек Астанов​, Рамазан Оразов (Дамир Қасаболат, 58), Серікжан Мұжықов (Муроджон Халматов, 73), Ғалымжан Кенжебек (Дастан Сәтпаев, 46), Максим Самородов,  Оралхан Өміртаев (Ислам Чесноков, 46).

Бас бапкер отставкаға кетті

Осы ойыннан кейін Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Әли Әлиев отставкаға кетті. Әлиев бұл қызметке биыл қаңтарда келген болатын. Ол ресейлік маман Станислав Черчесовты алмастырған еді.