07.09.2025, 22:03
Спорт
«Барыс» жаңа маусымды жеңіспен бастады
Негізгі уақыт тең аяқталған соң, жеңісті голды овертаймда «Барыс» қорғаушысы Райли Уолш соқты
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Астаналық «Барыс» Құрылықтық хоккей лигасының (КХЛ) жаңа маусымын жеңіспен бастады. «Барыс» өз алаңындағы матчтың овертаймында Челябинскінің «Тракторын» 4:3 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Барыс (Астана) – Трактор (Челябинск) – 4:3 ОТ (1:1, 1:1, 1:1, 1:0)
- 0:1 – Ливо (Гросс, Дер-Аргучинцев) – 05:37 ГБ
- 1:1 – Шайхмедденов (Мухаметов) – 08:09
- 2:1 – Савицкий (Қайыржан, Шайхмедденов) – 32:08 ГБ
- 2:2 – Горюнов-Рольгизер (Ливо, Коромыслов) – 36:16
- 3:2 – Томпсон (Веккьоне, Галимов) – 52:42 ГБ
- 3:3 – Дюбе (Дер-Аргучинцев, Ливо) – 57:31
Негізгі уақыт тең аяқталған соң, жеңісті голды овертаймда «Барыс» қорғаушысы Райли Уолш соғып, команданы алға жетеледі.
Астанада өткен кездесуді 10 мыңнан астам жанкүйер тамашалады. Бұл жеңіс «Барыс» үшін маусымды жоғары көңіл-күймен бастауға мүмкіндік берді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды