07.09.2025, 21:20
Спорт
Шавкат Рахмонов УЕФА президентіне сыйлық жасады (ВИДЕО)
Рахмонов футболдың лауазымды өкілдерімен кездесті
Фото: видеодан скриншот
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаевпен және УЕФА президенті Александер Чеферинмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рахмонов футболдың лауазымды өкілдерімен суретке түсіп, оларға өз қолтаңбасы қойылған қолғаптарын сыйға берді. Спортшы осы сәттің видеосын Instagram парақшасында жариялады.
«Kairat FC champion. Алға Қазақстан!» — деп жазды ол.
Еске салайық, «Қайрат» футбол клубы алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті.
«Қайраттың» топтық кезеңдегі ойындар кестесі:
- 18 қыркүйек – «Спортинг» (Португалия, сырт алаңда);
- 30 қыркүйек – «Реал Мадрид» (Алматы);
- 21 қазан – «Пафос» (Алматы);
- 5 қараша – «Интер» (Милан, Италия);
- 26 қараша – «Копенгаген» (Дания);
- 9 желтоқсан – «Олимпиакос» (Алматы);
- 20 қаңтар – «Брюгге» (Бельгия);
- 28 қаңтар – «Арсенал» (Лондон, Англия).
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды