05.09.2025, 16:00
Спорт
Карина Ибрагимова бокстан Әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Оның қарсыласы грек спортшысы болды
Фото: Olimpik.kz
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Карина Ибрагимова сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шыққан боксшымыз грек қарсыласы Панагиота Кузилумен кездесті.
Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша Карина Ибрагимова жеңіске жетті. Осылайша ол чемпионаттың 1/8 финалына жолдама алып, келесі кезеңге өтті.
Ибрагимова енді әлем біріншілігінің келесі кезеңінде бокстасады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды