Жанқош Тұраров дау-дамайдан соң алғаш рет шаршы алаңға шығып, қарсыласын жеңді
Ол Алматыда өткен кезекті жекпе-жегінде жеңіске қол жеткізді

Боксшы Жанқош Тұраров Алматыда өткен Ali Akhmedov Promotion ұйымының алғашқы турнирінде жеңіске жетті. Жекпе-жек Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
34 жастағы Тұраров бірінші жартылай орта салмақта (63,5 кг дейін) филиппиндік Али Канегоға қарсы он раундтық кездесуде рингке шықты. Жекпе-жектің алғашқы бөлігінде отандасымыз қарсыласын нокдаунға түсірді. Соған қарамастан, Канего шайқасты жалғастырып, соңына дейін төтеп берді.
Соңғы раундта филиппиндік боксшы жарақат алып, екі рет нокдаунға түсті. Дегенмен, айқасты толық қашықтыққа жеткізді. Төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіс Тұраровқа берілді.
Осылайша, Жанқош Тұраров кәсіби рингтегі жеңісті сериясын жалғастырып, 29 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетті. Оның 20-сы нокаутпен аяқталған. Ал Канегоның еншісінде 12 жеңіс, 3 жеңіліс және 1 тең есеп бар.
Айта кетейік, былтыр әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров Әнару Қалдыбекті зорлады деген ақпарат тарады. Алматы қаласының полициясы мұны растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Кейін Әнару Құрманәлиева Azattyq Rýhy редакциясын сұхбаттасуға шақырып, боксшыны неше жылдан бері білетінін, онымен алғаш рет қалай танысқанын және Жанқош Тұраров 6 жылдан бері не деп алдап келе жатқанын айтып берген еді.