Бокстан әлем чемпионаты: жарыс бағдарламасы белгілі болды

Автор: Алмас Ерсін

Қазақстан құрамасы толық құраммен қатысады

Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше аталмыш додаға Қазақстан құрамасы толық құраммен қатысады. Спортшылар тізімі төмендегідей:

Ерлер:

  • 50 келі: Санжар Тәшкенбай
  • 55 келі: Махмұд Сабырхан
  • 60 келі: Бейбарыс Жексен
  • 65 келі: Ертуған Зейнуллинов
  • 70 келі: Төрехан Сабырхан
  • 75 келі: Сабыржан Аққалықов
  • 80 келі: Нұрбек Оралбай
  • 85 келі: Бекзат Нұрдәулетов
  • 90 келі: Сағындық Тоғамбай
  • + 90 келі: Айбек Оралбай

Әйелдер:

  • 48 келі: Назым Қызайбай
  • 51 келі: Алуа Балқыбекова
  • 54 келі: Элина Базарова
  • 57 келі: Карина Ибрагимова
  • 60 келі: Виктория Графеева
  • 65 келі: Аида Әбікеева
  • 70 келі: Наталья Богданова
  • 75 келі: Надежда Рябец
  • 80 келі: Гүлсая Ержан
  • + 80 келі: Елдана Тәліпова

Ұйымдастырушылар жарыс бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама бойынша:

  • 4-10 қыркүйек аралығында алдын ала жекпе-жектер;
  • 12-14 қыркүйек аралығында жартылай және финалдық бәсекелер жоспарланған.

Айта кетейік, кестеде өзгерістер орын алуы мүмкін. Нақты уақыт жеребе тартылған күні белгілі болады. Кестемен толығырақ мына жерден танысуға болады.