Ол АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен турнирде мексикалық теннисшіден жеңіліп қалды
Әлемнің 46-ракеткасы, қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жеңіліс сериясын алты матчқа дейін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
7 тамыз күні АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен WTA-1000 санатындағы хард турнирінің алғашқы айналымында Путинцева әлемнің 68-ракеткасы, мексикалық Рената Сарасуаға үш сет нәтижесінде есе жіберді – 6:3, 4:6, 2:6.
WTA турнирлеріндегі Путинцева қатарынан жеңілген матчтар тізімі: