«Порту» клубының аңыз капитаны қайтыс болды
Португалиялық футбол жұлдызы жүрек талмасынан көз жұмды

«Порту» клубының бұрынғы капитаны Жорже Кошта 54 жасында өмірден озды. Португалиялық БАҚ-тың мәліметінше, оның өліміне жүрек талмасы себеп болған. Бұл жағдай клубтың жаттығу базасында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кошта - 2004 жылы «Порту» командасының УЕФА чемпиондар лигасын жеңіп алуына үлес қосқан негізгі ойыншылардың бірі. Ол өзінің туған клубында 15 маусым бойы өнер көрсетіп, 8 рет Португалия чемпионы атанды.
Жанкешті ойыны мен көшбасшылық қасиеті үшін жанкүйерлер оны «Жыртқыш» (Bicho) деп атаған.
«Фенербахче» клубының бас бапкері Жозе Моуринью Чемпиондар лигасы матчына арналған баспасөз мәслихатында өз капитанын еске алып, көз жасын әрең ұстап сөйледі.
«Бұл менің тарихымның бір бөлігі еді... Жорже бәрін жеңілдетіп, бапкерге тыныш жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ойыншы болды. Мұндай капитан – кез келген бапкер үшін арман», – деді Моуринью.