Жалғыз алтынды таеквондодан Самирхон Абабакиров жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Qazsport» телеарнасына сілтеме жасап.
«ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы суденттік додада біздің спортшылар 1 алтын, 10 қола медальға қол жеткізіп, 37-орынға жайғасты», - деп жазылған хабарламада.
Жалғыз алтынды таеквондодан Самирхон Абабакиров жеңіп алды.
Байрақты бәсекеде қола жүлдеге ие болған қазақстандық спортшылар:
Германияда өткен спорттық шара салтанатты түрде өз мәресіне жетті. Жарыс қожайыны ресми түрде Оңтүстік Корея өкілдеріне Универсиада жалауын табыстады.