$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.07.2025, 13:53
Спорт

«Ливерпуль» футбол клубының шабуылшысы Диогу Жота жол апатынан көз жұмды

Ол Испанияның Самора аймағында қаза болды

«Ливерпуль» футбол клубының шабуылшысы Диогу Жота жол апатынан көз жұмды
Фото: Instagram/diogoj_18

«Ливерпуль» футбол клубы мен Португалия ұлттық құрамасының 28 жастағы футболшысы Диогу Жота Испанияның Самора аймағында болған жол-көлік апаты салдарынан ағасымен бірге қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Диогу Жота өткен аптада ғана үйлену тойын атап өткен болатын.

Басылым деректеріне сәйкес, апат Санабриядағы А-52 автожолының 65-шақырымында болды. Жолаушылар отырған көлік жолдан шығып кетіп, өртеніп кеткен.

Диого Жотамен бірге көлікте оның ағасы Андре де болған. Ол да қаза болды. Ол – кәсіби футболшы еді, Португалияның «Пеньяфьель» командасында өнер көрсететін.

Биыл Жота «Ливерпульмен» бірге Англия Премьер-лигасын, ал Португалия құрамасымен Ұлттар лигасын жеңіп алған еді.

Серіктес жаңалықтары