30.06.2025, 18:04
Спорт
Назым Қызайбай Әлем кубогының ширек финалына шықты
Астанада бокстан Әлем кубогы басталды
Фото: Olympic.kz
Жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай шығып, қарсыласын тізе бүктірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта Канада өкілі Приянка Диллонмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша Назым ширек финалда бақ сынайды.
Айта кетейік, осыған дейін Абылайхан Жүсіпов жарақатына байланысты қырғыз боксшысына жол бергені хабарланған болатын.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
