$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.06.2025, 02:03
Спорт

Қазақтың балуан қызы әлемдік рейтингте көш бастады

Ол Аммандағы Азия чемпионатында чемпион атанып, 10 000 ұпайға ие болған еді

Қазақтың балуан қызы әлемдік рейтингте көш бастады
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова Біріккен күрес әлемінің (UWW) әйелдер арасындағы жаңартылған рейтингінде өз салмағында көш бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

«Жәмиля Бақбергенова 2025 жылғы Аммандағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, 10 000 ұпайға ие болған еді. Осылайша, 51 000 ұпаймен 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің бірінші сатысындағы орнын сақтап қалды», - деп жазылған хабарламада.

Екінші орынға 45 000 ұпаймен жапониялық Ами Иши орналасқан. Үшінші орынға Моңғолия өкілі Болортунгалаг Зоригт жайғасқан, оның қоржынында 34 700 ұпай бар.

Еске сала кетейік, Азия біріншілігі Иорданияның Амман қаласында өтті. Жәмилә Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқа түсті. Қазақстандық балуан финалда Қытай спортшысы Юци Люден 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанды.

Серіктес жаңалықтары