$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2025, 17:32
Спорт

Тарихи жеңіс: Ақтөбелік дзюдошы тұңғыш рет автокөлік ұтып алды

Әйел спортшының мұндай жүлдеге қол жеткізуі ретінде ерекше оқиға болды

Тарихи жеңіс: Ақтөбелік дзюдошы тұңғыш рет автокөлік ұтып алды
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

24–25 мамыр күндері Орал қаласында дзюдо спортынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионы, Әлем кубогінің иегері Асқар Шайхиевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы ашық республикалық турнир алғаш рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауқымды додаға еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарынан және Ресей Федерациясынан келген 300-ге жуық татами шебері қатысты.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысып, жарысты ашты. Ашылу сәтінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтеріліп, шымылдығы ашылды, бұл тарихи шараның басталғанын білдірді. Сонымен қатар, ашылу рәсімінде қонақтар мен қатысушыларға Асқар Шайхиев туралы қысқаша естелік видеоролик көрсетіліп, еліміздің көрнекті дзюдо шеберінің спортқа қосқан үлесі айтылды.

Қонақтар тізімінде:

• ҚР Дзюдо федерациясының атқарушы директоры Имашев Айбек Әсетұлы

• Әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Раков Максим Сергеевич

• Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ибраев Рустам Аманжолұлы

• ҚР Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің өкілі, Шайхиевтер отбасының досы Қыдырбек Рысбек Әділбекұлы

• БҚО дзюдо федерациясының президенті Шайхиев Рустам Ғалиасқарұлы

Жарыс нәтижелері:

24 мамыр

• 60 кг: Зейнолла Нұрхан, Қабдололов Арман, Зинуллин Асылхан

• 52 кг (әйелдер): Сұпығалиева Фатима, Мұрадимова Айшабибі

• 66 кг: Зайзағалиев Нұрсұлтан, Бақытғалиев Шерхан

• 73 кг: Сейітқалиев Сенім, Сейітқалиев Саят

25 мамыр

• 81 кг: Гайнуллин Ансарбек

• 90 кг: Крылов Даниил

• 100 кг Габбасов Нұрымжан

• +78 кг (әйелдер): Қазиева Әсел

Ерекше жеңіс - тұңғыш автокөлік жүлдесі

Ақтөбе облысы атынан 70 кг салмақта белдескен балуан Бақанова Гүлнұр турнирдің басты жүлдесі — автокөлікті жеңіп алды. Бұл — турнир тарихында тұңғыш рет автокөлік басты сыйлық ретінде тігілген, әрі тұңғыш рет әйел спортшының мұндай жүлдеге қол жеткізуі ретінде ерекше оқиға болды. Автокөліктің кілтін жеңімпазға облыс әкімі Нариман Төреғалиев салтанатты түрде өз қолымен табыс етті.

Серіктес жаңалықтары