Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Азия велоспорт конфедерациясының Басқару комитетінің құрамына енді
Райымбек Баталовтың Қазақстандағы және Азия кеңістігіндегі велоспортты дамытуға қосқан елеулі үлесі

2025 жылғы 19 сәуірде Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен Азия велоспорт конфедерациясының (ACC) Басқару комитетінің отырысында маңызды шешім қабылданды – Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталов 2025–2029 жылдарға арналған мерзімге Басқару комитетінің кооптацияланған мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл тағайындау – Райымбек Баталовтың Қазақстандағы және Азия кеңістігіндегі велоспортты дамытуға қосқан елеулі үлесінің, жас спортшыларды қолдау мен веломәдениетті ілгерілету жолындағы еңбегінің халықаралық деңгейде мойындалуының көрінісі.
Аталған мүше болу Қазақстан үшін үлкен маңызға ие: енді ел мүддесін Азия деңгейінде белсенді қорғауға, шешімдер қабылдауға ықпал етуге және халықаралық велоспорт қауымдастығындағы орнын күшейтуге мүмкіндік туады.