Астанада әлем және Қазақстан футболының аңызға айналған ойыншылары матч өткізді
Кездесу Қазақстан футболы күніне арналды

25 сәуір «Астана Арена» стадионында әлем және қазақ футболының аты аңызға айналған ойыншыларынан жасақталған командалар арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ойын 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапында Азат Нұрғалиев екі рет гол соқты. Әлем құрамасының сапында Гаиска Мендьета мен Димитар Бербатов гол соқты.
Матч Қазақстан футболы күніне орайластырылды.
Әлем аңыздары командасында мына ойыншылар ойнады: Витор Баия (Португалия), Марко Матерацци (Италия), Хавьер Дзанетти (Аргентина), Кристиан Дзаккардо (Италия), Дуглас Майкон (Бразилия), Джей-Джей Окоча (Нигерия), Димитар Бербатов (Болгария), Серджиньо (Бразилия), Клод Макелеле (Франция), Халилу Фадига (Сенегал), Кларенс Зеедорф (Нидерланды), Эстебан Камбьяссо (Аргентина), Гаиска Мендьета (Испания), Фернандо Морьентес (Испания).
Қазақстан аңыздары сапында алаңға мына ойыншылар шықты: Ұлан Қонысбаев, Азат Нұрғалиев, Алмат Бекбаев, Сергей Скорых, Александр Кучма, Ренат Абдулин, Қайрат Әшірбеков, Вячеслав Богатырев, Таңат Нөсербаев, Жамбыл Көкеев, Давид Лория, Елдос Ахметов, Евгений Яровенко және Дмитрий Огай.
«Аңыздар матчы» Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.