$ 506.21  568.42  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.04.2025, 08:58
Спорт

«Маған дәрі екті»: Шымбергенов Париж Олимпиадасында не себепті жеңіліп қалғанын айтты

Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиынында боксшының бір апта бойы ыстығы түспеген

«Маған дәрі екті»: Шымбергенов Париж Олимпиадасында не себепті жеңіліп қалғанын айтты
Фото: Olympic.kz, Сали Сабиров

Бокстан әлем чемпионы, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы мүшесі Асланбек Шымбергенов 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында алғашқы жекпе-жекте не себепті жеңіліп қалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиынында ауырып қалдым. Бір апта бойы ыстығым түспеді. Мұндай  жағдай бұрын-соңды болмаған, ол бір-екі күнге созылатын. Біздің дәрігерлердің бәрі шошып кетті. Неше түрлі дәрілер берді, көмектеспеді. Содан кейін біздің команда ХОК-тың допингке қарсы агенттігіне ресми хат жазып, "біз Асланбекке бір препарат егеміз, ол допинг ретінде шығуы мүмкін" деп ескертті, олар рұқсат берді. Содан кейін ғана өз-өзімен келдім. Менің жеңілуіме осы дерт себеп болды деп есептеймін», - деді Шымбергенов YouTube-тегі «AQYRYS SEITQAZY» каналында.

Еске салайық, бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарының алғашқы жекпе-жегінде жеңіліске ұшыраған болатын. 71 келі салмақта ол иорданиялық Зейяд Ишаиштан жеңіліп қалды. Олимпиада ойындарының алдында қазақстандық боксшы алтын жүлдеге үміткерлердің бірі ретінде аталды.

Серіктес жаңалықтары