Сәкен Бибосынов халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Автор: Алмас Ерсін

Ол финалда ресейлік боксшы Денис Пальшинмен кездесті

Фото: Olımpıc.kz

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Бибосынов ресейлік Денис Пальшинмен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Сәкенге берді.

Айта кетері, бұл – Қазақстанның осы турнирдегі алғашқы алтын медалі.

Еске сала кетейік, Сәкен 2021 жылғы әлем чемпионатында алтын алса, 2019 жылы қола жүлдегер болды. 2020 жылы Токио Олимпиадасында үздік үштікке енді.