«Қазақ стиліне» мексикалық агрессияны қосыңыз»: Жәнібек Әлімханұлының бапкері нокаут күтіп отыр (ВИДЕО)
Боксшы Шымкентте 10 апта дайындалған

Жәнібек Әлімханұлының америкалық бапкері Марко Контрерас 5 сәуірде өтетін жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлынан нокаут күтіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұл жекпе-жектен үлкен шоу күтеміз. Тіпті, нокаут күтеміз. Жәнібек бұған дейін 10 апта бойы Шымкентте дайындалды, қазір бабында. Сондықтан нокаут күтіп отырмыз. Жәнібек өте ақылды, шымыр спортшы, ол өзі маған «қазақ стиліне» мексикалық агрессивті стильді қосайық деп айтты», - деді Марко Контрерас.
Америкалық бапкер Жәнібек Әлімханұлының стилі бірегей екенін айтты.
«Көп қазақ боксшыларының стилі олимпиадаға келеді, олар алаңда әрі-бері жүріп, ұпай жинайды. Ал Жәнібектің стилі агрессивті, оның соққылары ауыр. Ал мексикалық стиль тым агрессивті, кубалықтарда қорғаныс жақсы», - дейді бапкер.
Еске салсақ, 5 сәуірде Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссен шаршы алаңда бокстасады. Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпион белбеулерін қорғайды.