Жозе Моуринью «Галатасарай» бапкерін алаңда құлатып жіберді (ВИДЕО)
Ол жұмыстан шеттетілуі мүмкін

Түркия кубогының 1/4 финалында «Фенербахче» клубы «Галатасарайдан» 1:2 есебімен жеңіліп, ойыннан кейін екі команданың бас бапкерлері Жозе Моуринью мен Окан Бурук арасында жанжал туды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Португалиялық маман түрік әріптесінің мұрнынан қысып алған. Осыдан кейін Окан Бурук жерге құлап, бетін жауып жатып қалған.
Ойын барысында бас төреші Джихан Айдын төрт қызыл қағаз көрсетті – әр команданың екі ойыншысы алаңнан қуылды.
Сонымен қатар, Моуринью мен оның көмекшілері Сальваторе Фоти мен Сандро Зуфич те қызыл қағаз алды.
«Галатасарайдың» жеңісін Виктор Осимхеннің дубльді қамтамасыз етті, ал «Фенербахче» сапындағы жалғыз голды бұрынғы «Динамо Мәскеу» ойыншысы Себастьян Шиманьски соқты.
Бұл оқиға тәжірибелі португалдық бапкер үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Осындай әрекеттері үшін Моуринью кем дегенде 3 матчқа, ал ең көп дегенде 10 матчқа шеттетілуі мүмкін. Ең жоғары жаза қолданылған жағдайда, 59 жастағы жаттықтырушы 90 күн бойы футбол алаңынан тыс қалуға мәжбүр болады.