27.03.2025, 06:06
Спорт
Қазақстандық палуан Азия чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алды
Отандасымыз 82 келі салмақта ел намысын қорғады
Фото: Olympic.kz
Қазақстандық палуан Омар Сатаев грек-рим күресінен Азия чемпионатында ел қоржынына екінші күміс медаль салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Азия біріншілігі Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатыр.
Отандасымыз 82 келі салмақта ел намысын қорғады.
Қазақстандық балуан ақтық сында ирандық Мохаммад Нагусимен өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы белдесуде Омар Сатаев 1:3 есебімен жол берді.
Осылайша Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында төрт медальға ие болды. Бұған дейін 130 келі салмақта Әлімхан Сыздықов күміс медальға қол жеткізген болатын. Ал Ибрагим Магомадов (77 келіге дейін) және Шамиль Ожаев (87 келіге дейін) қола медальға ие болған еді.
Көп оқылған
19.09.2026, 06:38
Алматыда өтіп бара жатқан адамдарға тиісіп, қару көрсетіп жүрген бес жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.09.2026, 07:38
Павлодарда Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамның мәйіті бір аптадан кейін табылды (ВИДЕО)
19.09.2026, 08:55
Сенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
19.09.2026, 12:17
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бойжеткен аман-есен табылды
19.09.2026, 14:08
Президентке Астананы абаттандыру жұмыстары туралы баяндалды
Бүгін, 00:28
Қытайда магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды