26.03.2025, 00:02
Спорт
Қазақстандық балуан Азия чемпионатында күміс медальға ие болды
Отандасымыз 130 келі салмақта ел намысын қорғады
Фото: Olympic.kz
Отандасымыз Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия чемпионатында күміс медальға ие болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Азия чемпионаты Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатыр.
Отандасымыз 130 келі салмақта ел намысын қорғады.
Қазақстандық балуан ақтық сында ирандық Фардин Хедаятимен өзара мықтыны анықтады. Тартысты белдесуде Әлімхан Сыздықов қарсыласына 0:7 есебімен жол берді.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін Ибрагим Магомадов (77 келіге дейін) және Шамиль Ожаев (87 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды