$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 09:18
Спорт

Наурызнама онкүндігі: бүгін – Ұлттық спорт күні

«Ұлттық спорт күні» адамдарды бәсекелестік пен өзара сыйластық арқылы жақындастырады және ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етеді

Наурызнама онкүндігі: бүгін – Ұлттық спорт күні
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Наурызнама онкүндігінің аясында бүгін Қазақстанда Ұлттық спорт күні тойланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық спорт күні қазақтың дәстүрлі спорт түрлерін жаңғырту мен насихаттауға арналған. Бұл күні азаматтарды спорттық дәстүрлер мен дала халықтарының бай мұрасын тануға, тән мен жан үйлесіміне ұмтылыс біріктіреді.

Көкпар, асық ату, қыз қуу, күрес сынды дәстүрлі спорт түрлерінің тамыры сонау Ұлы Дала тарихында жатыр. Олар көшпелі халықтардың тұрмыс салты  дене күші, ептілік пен батылдықты талап еткен бұрынғы кезеңді еске түсіреді.

«Ұлттық спорт күні» адамдарды бәсекелестік пен өзара сыйластық арқылы жақындастырады және ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етеді. Бұл спорт – қиындықтарды жеңудің, жетістіктерді бірге атап өтудің және дәстүрлі құндылықтарды жаңа ұрпаққа жеткізудің ең ұтымды жолы.

Табиғат пен жан-дүниеміздің жаңаруын бейнелейтін Наурыз мейрамын тойлау аясында бұл күні салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру және ұжымдық рухтың маңыздылығына баса назар аударылады. Ол бізді тән саулығына мән беріп, күш-қуат пен төзімділікті арттыруға және табысқа жету жолында бір-бірімізді қолдауға үндейді.

Ұлттық спорт түрлері жай жарыс емес, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрі мен құндылықтарын бейнелейтін мәдени мұраның маңызды бөлігі. Күш, ептілік, төзімділік, намыс – көшпенділер өркениетіне сіңісті болған, жас ұрпақты жігерлендіріп келе жатқан қасиеттер. Ұлттық спорттық ойындар арқылы біз рухани тамырымызды сақтаймыз және бай мәдени мұрамызды мақтан тұтамыз.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту адамның өзін-өзі тануына, халықтың бірлігі мен өз елің үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Қазақстан ұлттық спорт ойындарын жаңғыртуға күш салуда. Бұған ұлттық спорт түрлерін бүкіл әлемге паш еткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының біздің елде өтуі дәлел. 2024 жылы Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 елден 2700 спортшы қатысты. Қорытындысы бойынша, Қазақстан 114 медаль жеңіп, жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты.

Бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, тоғызқұмалақ, асық ату – жай ғана спорттық жарыс емес, олар бабалар рухын, күш-қуатын, жеңіске деген құштарлығын сезінуге мүмкіндік береді. Олар дала жағдайында өмір сүруге қаетті жылдамдық, дәлдік, төзімділік пен өзара көмек беру сияқты қасиеттерді дәріптеген қазақ халқының өмірлік философиясын көрсетеді. Ұлттық спорт түрлері жылдан жылға қарқынды дамып, оны үйренушілер саны артып келеді. 2024 жылы ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатындар саны 619 мың адамға жеткен, бұл спортпен шұғылданатындардың жалпы санының 8,7 пайызы. Бұл дәстүрлі ойындарға деген қызығушылықтың ұдайы артып келе жатқанын, олардың кең тарауы ұлттық бірегейлік пен салауатты өмір салтын нығайтуға ықпал ететінін көрсетеді.

Ендеше, Наурыз мейрамы – көктем мен жаңару мерекесі ғана емес, сонымен бірге дене және рухани денсаулықты ойлайтын маңызды кезең. Ұлттық спорттық ойындар тәртіпке баулиды, ерік-жігер мен бауырмалдықты күшейтеді. Наурыз мейрамын тойлау кезінде ұлттық спорттың қайта жаңғыруы оның мәдени мұра ретінде ғана емес, салауатты қоғамды қалыптастырудың тетігі ретіндегі маңыздылығын көрсетеді.

«Ұлттық спорт күні» әр қазақстандыққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың рухы мен күш-қуатын шыңдаған жарыстарды тамашалап қана қоймай, өз күш-жігерін сынауға мүмкіндік беріп, ұлттық спорт түрлерінің жаңғыру күніне айналды. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде көкпар, қазақша күрес, асық ату және тоғызқұмалақ т.б. турнирлер ұйымдастырылады.

Ұлттық спорт түрлері Наурыз мейрамын тойлаудың маңызды біріктіруші элементіне айналып, оның мәдени ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс ретіндегі маңыздылығын атап көрсетеді. 2024 жылы Астанада Қазақстан мен АҚШ құрамалары арасында көкпардан жолдастық кездесу өтті, бұл қазақ спорттық ойындарының халықаралық деңгейде мойындала бастағанын көрсетеді.

Бұл күн көпшілік үшін қазақ спортымен тереңірек танысуға мүмкіндік берді, мереке аясында құсбегілік сияқты ұлттық спорт түрлері жайлы ақпараттық материалдар таратылды. Ұлттық спорттық ойындардың тарихы арқылы тұрғындары олардың терең мәні мен көшпенділер мәдениетіндегі орнын тереңірек түйсіне алды.

Осылайша, бұл күн қоғамды біріктірудің, жастарды патриотизмге  тәрбиелеудің және мәдени бірегейлікті нығайтудың тиімді тетігіне айналды. Салауатты өмір салтын және дене шынықтыруды насихаттай отырып, азаматтардың өткенмен байланысын сезінуге, дәстүрлердің мәнін терең түсінуге және оларды келешек ұрпаққа жеткізуге көмектеседі.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Наурызнама-2025