«Жарыстарға қатыса алмайды»: боксшы Махмұд Сабырхан тамақтан уланып қалды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы бокс федерациясы мәлім етті

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

Әуесқой боксшы Махмұд Сабырхан Болгарияда өтіп жатқан «Странджа» турнирінде жұдырықтаса алмайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бокс федерациясының мәліметіне сүйенсек, дәрігердің шешіміне сай, 54 келі салмақтағы боксшы Странджа халықаралық турниріндегі бүгінгі жекпе-жегіне шықпайтын болды.

«Тағам инфекциясы. 3 наурызға дейін жарыстарға қатыспайды», - деп хабарлайды федерация дәрігердің анықтамасындағы диагнозды ұсына отырып.

Айта кетейік, 24 ақпан мен 2 наурыз аралағында Болгарияда «Странджа» Халықаралық турнирі өтеді.

Тегтер: