Бүгін Владислав Киреев чемпион атанса, Вадим Куралес күміс медаль иеленді
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары тағы бір алтын мен күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанса, Вадим Куралес биатлоннан күміс иеленді. Айта кетейік, Киреевтің жүлдесі Қазақстан қоржынына түскен үшінші алтын медаль.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы қысқы спорт түрінен тарихи алтын медаль алғанын жазғанбыз. Спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин оларды видеоқоңырау арқылы құттықтаған.