Фристайл-акробатикадан және еркін стильде шаңғыдан үздік атанды
Харбинде өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Спорт министрлігінің мәліметінше, фристайл-акробатикадан ұлттық құрама күміс медаль жеңіп алды. Отандастарымыз Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев жалпы 235.39 балл жинады. Спортшыларымыз қытайлықтарға есе жіберіп қойды. Ал үздіксіз үштікті Жапония акробаттары түйіндеді.
Сонымен қатар, Олжас Климин Азиаданың қола жүлдегері атанды. Санаулы сəттер бұрын IX қысқы Азия ойындарында ерлер арасында 10 шақырымға еркін стильде шаңғы жарысынан бәсеке аяқталды.
Олжас Климин 21 минут, 20,3 секундта мәреге жетіп, үздік үштікті түйіндеді. Алтын мен күміс Жапония өкілдерінде.