Олар осы карталарды пайдаланып, алаяқтық жасаған
Өскемен қаласының үш тұрғыны әртүрлі мекенжайда 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box, 452 USB-интернет модем, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбук сақтап, алаяқтық жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазір үш адам изоляторға қамалған.
Сонымен қатар, Қарағанды қаласында шетел азаматы ұсталып, оның үйінен де екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді.