Ризабек Айтмұқан АҚШ-тың атақты балуаны Кайл Снайдермен күресетін болды

Автор: Мақсат Әсел

Жарыстың жүлде қоры 200 мың доллар

Фото: 1bol.kz

 

Кәсіпқой күрес лигасы (PWL 8) турнирі Алматы қаласында 25-ақпан күні Балуан Шолақ аренасында өтетін болды. Бұл турнирге АҚШ балуандары да қатысады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Америкалық делегация қатарында еркін күрестен Олимпиада және әлем чемпионы Кайл Снайдер де бар. Ол еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанмен күресетіні белгілі болды. 

«Снайдермен күресуге қашан болса да дайынмын. Сол сәтті күтемін», – деген болатын отандасымыз бұған дейін. 

Кайл Снайдер Алматыдағы турнирде Ризабектен бөлек Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері ресейлік Алихан Жабрайловпен де белдеседі.

Алматыда өтетін PWL 8 турнирінің жүлде қоры 200 мың долларды құрайды.